
Негізгі жобалардың бірі - қолданыстағы кәсіпорындарға модельді цифрлы фабрикаларды енгізу.
Ол қолданыстағы кедергілерді жойып, өндірістегі цифрлық технологияның артықшылықтары туралы кәсіпорындардың хабардар болуының мүмкіндігін кеңейтеді. Кəсіпорындардың қызығушылығы төмен болуының басты себептері - іскерлік ортадағы цифрландырудың экономикалық артықшылықтарын түсінбеу, білікті кадрлардың, отандық технологиялар мен біліктіліктің жетіспеуі.
Тимур Тоқтабаев модельдік зауыттардан шыққан нәтиже цифрлық технологияларды үлгі ету болып табылатынын айтып өтті. Сол арқылы жеке бизнес ортада цифрландыру мәселелері бойынша отандық мамандар білімін трансферлеу Индустрия 4.0 технологиясын танытады.
Қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың технологиялық диагностикасын жүргізу және оларға цифрлық технологияларды енгізу үшін жол карталарын әзірлеу басталды.
Жоба 2020 жылға дейіс жүзеге асырылатын болады.
2025 жылға дейін жүйеқұраушы компаниялардың цифрландыру элементтерін енгізу бойынша жалпы сомасы 146 млрд. теңге болатын 14 жоба анықталды.
Оларды жүзеге асырғандағы экономикалық тиімділік 280 млрд. теңгеге дейін жетеді, деген болжам бар.
Индустрияны цифрландыру бойынша жаһандық технологиялық үрдістер туралы деректерді ескере отырып, жылдың аяғына дейін Индустрияландырудың үшінші бесжылдығы тұжырымдамасы әзірленетін болады.
Министрлік Бағдарламаны іске асыру аясында экономиканың салаларын цифрландыруға бағытталған 20 түрлі іс-шараларды әзірлеуде.
Вице-министрдің айтуынша, бұл жобалар қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін шешеді. Атап айтқанда, интелектуалды көлік жүйесі жол көлік оқиғаларын азайтады, жол жүру уақытын қысқартады, жол сапасының мониторингін қамтамасыз етеді және салаға цифрлық технологияларды пайдалану өндіріс құнының төмендеуіне, геологиядағы интерактивті жүйені енгізуге мүмкіндік береді және геологиялық барлауға жаңа инвестициялар тартады.
Фото мұрағаттан алынды