
Отырысқа ҚР Энергетика, ҚР Ұлттық экономика, ҚР Ішкі істер министріліктерінің, «Атамекен» ҰКП, ҚКО «Казлогистик», «Теңіз индустриясының кәсіпкерлері және кеме иесі ассоциациясы» ЗТБ, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» АҚ, «KTZ Express Shipping» АҚ, «Kazwater» су көлігі және су пайдаланушы және су қолданушы ассоциациясы» ЗТБ, NCOC, OSPRI және ТОО «KMG Systems&Services» өкілдері қатысты.
Күн тәрітбінде су көлігі саласын дамыту бойынша соның ішінде, ішкі су қоймасы және теңізде мұнайдың төгілуін жоюды қамтамасыз ету және төгілуін жою бойынша жәрдемдесуге кететін шығындарды өтеу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Құтқарушы координация орталығын құру, кеме қатынасы Келісіміне қол қою бойынша процедураларды жылдамдату және Ертіс шекара бойында кеме қатынасын дамыту жөнінде Ресей Федерациясымен ынтымақтастық және т.б. өзекті мәселелер қаралды.
Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды.



