Қостанай облысында биыл қандай жолдар жаңартылуда

Қостанай облысында биыл қандай жолдар жаңартылуда

Қазақстанның өңірлерінде жергілікті жолдар желісін жөндеу жұмыстары жалғасуда. Қостанай облысында биыл 227 шақырым жол қамтылған. Бүгінге дейін жоспардың 126 шақырымы немесе 56 %-ы орындалған.

Өңірде жергілікті желіні салу, реконструкциялау және орташа жөндеуден өткізу бойынша 21 жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, жолшылар облыстық маңызы бар "Қостанай қаласына кіреберіс" жолындағы, сондай-ақ Ұлыжыланшық өзені арқылы Ақкөл және Қарасу ауылдары арасындағы көпірлердің құрылысын жүргізуде. Бұдан бөлек, "Тарановское-Варваринка-облыс шекарасы" облыстық маңызы бар жолы реконструкцияланып жатыр.

Сонымен бірге, мұнда "Әулиекөл - Жалдама", "Қойбағар – Қарасу – Севастопольское", "Красная Пресня – Звериноголовское", "Пресногорьковка – Белоглинка – Воскресеновка", "Арқалық қаласының солтүстік айналма жолы", "Амангелді-Үрпек-Рахмет-Әліби", "Шұбалан-Қарасу-Көкалат", "Тоғызақ-Бөрлі-Михайловка-Бозкөл станциясы", "Өлеңді-Буревестник"  және "Рудный-Қашары-Лесное" автожолдарының учаскелеріне орташа жөндеу жүргізілуде. Сондай-ақ, 5 елдімекенге кіреберіс жолдар да орташа жөндеумен қамтылған.

Айта кету керек, Қостанай облысының жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының желісі – республикадағы ең ұзын жолдардың бірі және 7681 шақырымды құрайды. Биылға  жоспарланған жұмыстардың қорытындысы бойынша өңірдегі нормативтік жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 80%-ға артып, өткен жылғы көрсеткіштен 5%-ға жоғары болмақ.