
Сессия барысында ТЖЫҰ 2017 жылы атқарған жұмыстарының есептері тындалып, тікелей халықаралық қатынас туралы Конвенцияның жобасы талқыланды. Сонымен қатар, Қазақстан тарапының қатысуымен меморандумға қол қойылды.
Атап айтқанда, №10 теміржол көлігі дәлізінің техникалық, эксплуатациялық және коммерциялық салаларының дамуы жөніндегі ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды.
Құжатта екі тарап дәліздегі жолаушылар мен жүк ағынын бақылауға, инфрақұрылым жағдайы туралы ақпарат алмасуға, тасымалдарды жасау үшін бәсекелік жағдай орнату жөнінде ынтымақтасуға келісті.
Сонымен бірге тараптар жолаушылар мен жүктерді мемлекеттік шекарадан өткізуді жеңілдету жөнінде өзара іс-қимыл жасасуға келісті. Бұл тасымалдау уақытын қысқартуға және жолаушылар мен жүктердің ағынын арттыру үшін қажет келісім.
Елдер өзара және Еуропадағы теміржол саласының басқа да үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдарымен тығыз ынтымақтастықта болуға ниетті.
Анықтама:
№10 ТЖЫҰ дәлізінің негізгі бағдары:
Одесса/Ильичевск/Констанца/Варна/Бургас – Поти – Тбилиси – Баку – Туркменбаши – Сапармурат Туркменбаши – Бухара – Джизак – Хаваст – Ташкент – Арыс – Луговой – Ақтоғай