
Жобаны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» АҚ-мен тығыз ынтымақтаса жұмыс істеу арқылы Сыртқы істер, Инвестициялар және даму министрліктерімен бірлесе отырып жүзеге асырады. Бұл жұмыс туралы 2018 жылдың сәуір айында жарияланды.
Жоба аясында қолайлы инвестициялық климатты нығайту және кәсіпкерлік қызметті ынталандыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасында инвестициялық омбудсмен институтын одан әрі дамыту мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тетіктерін жетілдіру және енгізу жоспарланып отыр. Бұл жобаның басты жаңалығы Агенттіктің, министрліктердің және «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның бизнестің және инвесторлардың қызметіне үнемі араласуы болып отыр. Бұл олардың бизнеске кедергісіз және заңды түрде кірісуіне мүмкіндік береді.
Инвесторлардың кері байланысы арқылы Жобалық офис инвестициялық қызмет барысында туындайтын мәселелер бойынша ақпарат береді. Ал, Агенттік өз кезегінде, инвесторлар мен бизнес-қоғамдастықтарды қандай да бір «қысымнан» қорғауға міндеттеледі.
Бүгінгі таңда Агенттік бизнестің және инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жолында қорғауға дайын.




