
Жетілдірілген аэрогеофизикалық зерттеулер қысқа уақыт ішінде дәлдігі жоғары цифрлық деректерді алу үшін іздеу жұмыстарының алғашқы кезеңдерінде және үлкен аумақтарда жүргізіледі. Бұл жер үсті жұмыстарын егжей-тегжейлі жүргізу үшін іздеу аймақтарын қысқартуға және жергілікті учаскелерді анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл жобада іздеу жұмыстарын жүргізу мақсатында өзінің техникалық параметрлері мен мүмкіндіктері бірегей ZTEM электромагнит жүйесі пайдаланылды.
ZTEM (Z - Axis Tipper Electromagnetic system) — бұл электромагнит өрістерін сигналдың бастапқы көзі ретінде пайдаланатын аэроэлектр барлау жүйесі. Бұл – аэроэлектроманиттік өлшеулердің дәлдігі жағынан әрі тереңдігі 2500 метрге дейін жететін зерттеу жұмысында теңдесі жоқ әдіс.
Орындалған жұмыстардың жалпы көлемі 515 ш. км алаңда 614 қ. км құрады.
Деректерді өңдеу және карта жасау жаңа компьютерлік технологиялар мен заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы орындалады.
Биыл Ұлытау ауданындағы бірнеше учаскеде осындай түсіру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. «Қазақмыс» корпорациясымен бірге «Қазгеология» геологтары архивтегі геологиялық материалдарға талдау жасап, бірқатар перспективалы учаскелерді таңдап алды. Барлауды жақын арада бастау үшін барлық қажетті дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Бұл жұмыстар «Қазақмыс» корпорациясының минералдық-шикізат базасын ұлғайтады, өңірдің әлеуметтік-экономикалық өсуіне айтарлықтай әсер етеді.





