Р.СКЛЯР АВСТРИЯЛЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯМЕН КЕЗДЕСТІ

Р.СКЛЯР АВСТРИЯЛЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯМЕН КЕЗДЕСТІ

Екі тарап сауда-экономикалық ынтымақтастық, «Бір жол – Бір белдеу» бағдарламасы аясында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Роман Скляр Қазақстан қазіргі уақытта көлік-логистикасық инфрақұрылымды дамыту және оны халықаралық дәліздерге интеграциялау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтып, 2017 жылы Қазақстан мен Австрияның арасындағы транзиттік тасымалдардың өскенін атап өтті.

А. Биах австриялық делегацияның «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағына және Ақтау теңіз портына бару жоспарларымен бөлісті. Австриялық тарап көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және осы салада тәжірибе алмасуға, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі екі жақты ынтымақтастықты бұдан әрі тереңдетуге дайынбыз деді.