
Mitsui&Co компаниясы Mitsui Group ірі холдингінің бөлігі болып табылады. Компания өз қызметін көптеген салаларда жүргізеді және жаңа технологияларды, оның ішінде коммуналдық инфрақұрылымға арналған технологияларды ұсынады. Mitsui Қазақстанда құбырлардың тоттануын қайтаруға және жоюға арналған NMR Pipetector технологиясын ұсынады, ол Қазақстанның 14 өңіріндегі, сонымен бірге Астана және Алматы қалаларының ТКШ субъектілерінде таныстырылды.
Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ҚР Үкіметінің отырысында хабарлағанындай, Mitsui технологиясы бойынша коррозияға қарсы жабдығын Қазақстанда тәжірибелік тәртіпте қондыру жоспарланып отыр. Бұл судың сапасын жақсартады және қызмет ету мерзімін 40 жылға дейін ұзартады, бұл желілерді реконструкциялау мен жаңғыртуға мемлекеттік бюджеттен кететін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Министрдің айтуы бойынша, егерде құбырларды ауыстыра отырып 100 км желілерді реконструкциялау 11, 6 млрд.теңге аса тұратын болса, осындай қашықтыққа желілерді коррозияға қарсы жабдықтарды орнату шамамен бар болғаны 618,5 млн.теңгені құрайды немесе 19 есе арзанырақ.
Қазіргі кезде, ТКШ ҚазОрталығы аталған технологияны ҚР аумағында сынақтан өткізуге арналған пилоттық жобаларды анықтау бойынша Mitsui компаниясымен белсенді жұмыс атқаруда.
«Қазақстан – Жапония үкіметаралық комиссиясы аясында шілде айының соңында біз ынтымақтастық туралы келісімге қол қоямыз және кейбір өңірлерде пилоттық жобаларды іске асырудың дайындық жұмыстарын бастаймыз. Бастама сәтті аяқталған жағдайда, өндірісті жергіліктендіру мақсатында жабдықтарға қызмет көрсету және Қазақстан Республикасының аумағында бірлескен кәсіпорындарды ұйымдастыру бойынша бірлескен сервистік орталықтарын құру қарастырылатын болады», - деп атап өтті «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрсұлтан Джиенбаев.
Айта кетерлігі, Жапония сумен жабдықтау саласында әлемдегі жетекші орынды иеленген мемлекет. Мысалы, Токиодағы сумен жабдықтау жүйесі 13 миллионға жуық адамға қызмет көрсетеді және әлемдегі ең ірі және ең үздік орталықтандырылған су құбырлары жүйесі болып табылады. Оның жер асты құбырларының ұзындығы жер экваторының жартысын құрайды, ал өзен мен көлдерден шығып су құбырының кранына дейін баратын су шығыны барлығы 3,1% құрайды.
Естеріңізге сала кетелік, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық кешені секторына инновацияларды енгізуге арналған барынша оңтайлы нұсқаларды іздестіру бойынша жұмыстарды белсенді атқарады. Компания мамандары Қазақстандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың инвестициялық тартымдылығын арттыру, бюджеттік емес инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту мақсатында шетелдік және шетелдік қаржы ұйымдарымен кездесулер өткізіп, ең озық және тиімді технологияларды талдайды.
Анықтама үшін:
«Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы («ТКШ Қазорталығы» АҚ) инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін (ИТК) жаңғырту және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2009 жылы құрылды. Компания қызметінің негізгі бағыттары ИТК инвестициялық тартымдылығын арттыру, талдамалық және ғылыми зерттеулер жүргізу, ИТК саласында инновациялық технологиялар мен заманауи басқару әдістерін енгізу болып табылады.
Mitsui & Co. – Япониядағы ірі универсалдық сауда компаниясы, Mitsui Group холдингінің бөлігі. Компания 1947 жылы құрылған, 44 мың қызметкерлері бар, 462 еншілес ұйымдары және аффилленген компаниялары бар. Mitsui & Co. электр энергетикасы, машина жасау, қаржы, химия, азық-түлік, тоқыма және басқа салалардағы қызмет түрлерін жүзеге асырады. Бас кеңсесі Токиода орналасқан.
«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ баспасөз қызметі: Кәрібжанова Алтынай, +7-7172-999449 (ішкі 1229), a.karibzhanova@zhkh.kz


