
Кездесу барысында екі тарап халықаралық автомобиль қатынасы жөніндегі екі ел үкіметтері арасындағы жаңа Келісімнің жобасы мақұлданды. Құжат мәтіні жақын арада жарияланады.
Сонымен қатар, елдер 2018 жылға үшінші елдерге/ден жүктерді тасымалдауға рұқсат құжаттарының қорытынды шектелімін бекітіп, 2019 жылғы көлемін келісті.
Осылайша, 15 маусымға дейін жүктерді үшінші елдерден/ге тасымалдаудың 3 мың қосымша рұқсат бланкілерімен алмасу жүргізіледі. Бұдан бұрын тараптар 2018 жылға рұқсат бланкілерімен алдын ала алмасуды 7 мың көлемінде келіскен болатын. Еске сала кетейік, бұдан бұрын тараптар 2018 жылға осындай рұқсаттарды алдын ала алмасу туралы 7 мың данаға келіскен болатын.
Бұдан бөлек, делегациялар 2019 жылға рұқсат бланкілерімен алдын ала алмасудың көлемін бекітті. Атап айтқанда, жүктерді үшінші елдерден/ге тасымалдауға 7 мың рұқсат беру бланкілерімен және 300 жолаушыларды тұрақты емес негізде тасымалдауға келісті.
Алмасу 2018 жылдың 10 желтоқсанына дейін іске асырылады.