АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ САЛАСЫНДАҒЫ КӨЛІК САЯСАТЫН ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ САЛАСЫНДАҒЫ КӨЛІК САЯСАТЫН ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Кездесуге мемлекеттік органдар – Ұлттық экономика, қаржы, ішкі істер, энергетика министрліктерінің және азаматтық авиация саласының кәсіпорындары «Эйр Астана» АҚ, «SKAT» АҚ, «Qazaq Air» АҚ, «Airport Management Group» ЖШС, «Алматы Халықаралық әуежай» АҚ, «Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы» АҚ, «ATMA»  Атырау АҚ өкілдері қатысты.

Кездесуде әуежайлар мен әуе компанияларды, жолаушылар мен жүк тасымалына қатысты және басқа да осы саланың проблемалық мәселелері көтеріліп, талқыланды.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі салаға қатысты көтерілген барлық мәселелерді бірлесіп қарауға және шешуге дайын екенін білдірді.