АЛМАТЫДА «ЖЕР ҚОЙНАУЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ» ҚР КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КӨШПЕЛІ КЕҢЕС ӨТТІ

АЛМАТЫДА «ЖЕР ҚОЙНАУЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ» ҚР КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КӨШПЕЛІ КЕҢЕС ӨТТІ

Аталған іс-шараға ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев және заңгер компанияларының өкілдері қатысты.

Кеңес барысында Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану заңнамасын реформалау, мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасы, минералды ресурстарға арналған халықаралық есеп беру стандарттарына көшу, сондай-ақ техногендік минералдық түзілімге қатысты ауыспалы ережелердің кейбір мәселелері талқыланды.

«Жер қойнауын пайдалануды реформалаудың негізгі мақсаты - қатты пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге арналған жағдайдың тартымдылығын едәуір арттыра отырып, елдің минералды-шикізат қорын толтыру болып табылады», - деді вице-министр өз сөзінде.

«Жер қойнауы және жер койнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі ү.ж. 29 маусымда өз күшіне енеді. Кодекс келесі концептуалдық өзгерістерді қамтитын болады:

- Аустралиялық модель аналогиясы негізінде «Бірінші өтінім» лицензиялық тәртібі қағидаты енгізу арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын жеңілдетілген тәртіпте беру;

- қорлардың халықаралық бағалау тәртібіне өту;

- геологиялық ақпаратқа ашық қолжетімділікті беру және оны цифрлық форматқа өткізу;

- экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кен орнын жабу кезінде ликвидациялау ережесін күшейту.

«Жер қойнауы және жер койнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен министрліктің mid.gov.kz сайтында танысуға болады.