
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ басшылығы Вице-министрге «ҚазҚСҒЗИ» АҚ қызметінің негізгі бағыттары туралы есеп берді.
Еуропалық стандарттарды (еурокодтарды) құрылысқа енгізу барысы туралы баяндамалар ұсынылды, сонымен бірге Қазақстандағы және басқа елдердегі баға белгілеу жүйелерінің салыстырмалы талдамасы таныстырылған баға белгілеу жүйесінің проблемалық мәселелері қозғалды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрылысына ақпараттық модельдеу технологияларын (ҚОАМТ) енгізу үшін нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу туралы есеп берілді.
Вице-министр «ҚазҚСҒЗИ» АҚ басшылығына жобалау және ақпараттық технологиялар, сондай-ақ құрылыс саласындағы жаңа технологияларды дамытуға жұмылдырылуын тапсырды. Бұл ретте осы технологиялардың ықтимал қолданылуына тиісті талдама жүргізу арқылы ішкі нарықтың жай-күйіне ерекше назар аудару қажет.
«Бүгінгі күні жаңа технологиялар айрықша қарқынмен дамып жатыр, егер оларды қадағаламаса, басқа әлемнен айтарлықтай артта қалуымыз мүмкін. Болашақ білімнен бастау алады, сондықтан инновацияларды дамытуға үнемдеуге болмайды, нарықтағы барлық жаңашылдықтарды қадағалап отыру қажет. ҚазҚСҒЗИ осы бағытта үлкен жұмыс атқарып жатыр. Біз осы жылдың наурыз айында Институт өткізген «Құрылыс саласының цифрлық трансформациясы» халықаралық конференциясын жоғары бағаладық. ҚазҚСҒЗИ үлкен еңбегі осы институттағы бірізіділік деп санаймыз. Мұндай тәсіл жинақталған тәжірибені сақтай отырып алға жылжуға мүмкіндік береді», - деді Вице-министр Қайырбек Өскенбаев.
Сондай-ақ Вице-министр Еурокодтардың негізгі ережелерін оқыту географиясы мен ауқымдылығын кеңейту, осы мәселе бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен өзара байланысты күшейту және құрылыс материалдары мен бұйымдарын еуропалық стандарттарға және нормативтерге сәйкестігіне тексерудің сертификатталған рәсімдерін толық қамту үшін кешендік талдау жүргізуді қамтамасыз ету бойынша айрықша тапсырмалар берді.
Өз кезегінде, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры Бегман Кульбаев Институттың қазіргі уақытта қандай бағытта жұмыс істеп жатқаны және жақын болашаққа қандай мақсаттар қойғаны туралы айтып берді.
«Қазіргі уақытта ҚазҚСҒЗИ өндірістік базасын реконструкциялау бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. 2018 жылдың соңына қарай біз жекелеген құрылыс материалдары мен бұйымдары бойынша еуропалық стандарттарға сәйкес сертификаттық жұмыстар жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа жабдықтарды сатып алуды және орнатуды аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қыркүйек айында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ алаңында ақпараттық модельдеу технологиялары (ВІМ-технологиялары) саласында нормативтік-техникалық базаны дамыту бойынша шағын комиссия жүргізу жоспарланып отыр. Біз сондай-ақ Қазақстандағы баға белгілеу жүйесін реформалау саласында даярлық жұмыстар жүргізіп жатырмыз», - деді жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндаған Бегман Кульбаев.
Анықтама
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ – өте күрделі инженерлік-геологиялық шарттарымен аудандарды және сейсмикалық қауіпті өңірлерді қосқанда Қазақстанның құрылыс саласын дамыту саласындағы Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты.
Институт 1931 жылдың 7 қыркүйегінде құрылған. Қазақстанның құрылыс нарығында 85 жыл тәжірибесі бар.
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Жалғыз Акционері Қазақстан Республикасының Иныестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып табылады.
