
Рейстер жұма сайын аптасына бір рет Embraer 190-100 әуе кемесімен орындалады деп жоспарланған. Сонымен қатар, биылғы жылдың 2 шілдесінде Тбилиси –Алматы-Тбилиси бағытымен бір рейс ұшатын болады.
Қазіргі уақытта, Қазақстан мен Грузия арасындағы тұрақты рейстерді отандық әуе компаниялар орындап жүр. Мәселен, «Эйр Астана» әуе компаниясы Алматы-Тбилиси бағытымен аптасына жиілігі 5 рет , Астана-Тбилиси аптасына жиілігі 3 рет ұшса, «SCAT» әуе компаниясы Ақтау-Тбилиси бағытымен аптасына 4 рет қатынайды.