ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК БҚО АВТОЖОЛДАРЫНДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК БҚО АВТОЖОЛДАРЫНДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
  • Министр «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында реконструкциялау жұмыстары жүріп жатқан  «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» автожолының құрылыс алаңын аралады.

    Учаскенің жалпы ұзақтығы 100 шақырым, оның 27 шақырымы ашылған. Қазіргі уақытта 73 шақырым жолда жұмыстар жүріп жатыр.  Оған шамамен 400 жұмысшы мен 124 техника жұмылдырылған. Бұл жоба жыл соңына дейін аяқталмақ.

    Бұдан бөлек, министр «Чапаев-Жалпақтал-Казталовка-РФ шекарасы» учаскесіндегі автожолдың күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

    Осы жерде министр облыстың автожолын дамыту мәселелеріне арналған кеңеске қатысты. БҚО әкімі Алтай Көлгіновтың төрағалығымен өткен кеңесте жергілікті маңыздағы жол желілерінің жағдайы туралы мәселелер талқыланды.

    Анықтама.

    Автомобиль жолдарының жалпы ұзақтығы – 6 497 км, соның ішінде:

    - республикалық желінің ұзақтығы 1 393 км құрайды, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 91,5%.

    - Жергілікті желінің ұзақтығы 5 104 км, оның 28%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайды.