АТЫРАУ ӘУЕЖАЙЫНДА ЖАҢА ДИСПЕТЧЕРЛІК-БАСҚАРУ «МҰНАРАСЫ» АШЫЛДЫ

АТЫРАУ ӘУЕЖАЙЫНДА ЖАҢА ДИСПЕТЧЕРЛІК-БАСҚАРУ «МҰНАРАСЫ» АШЫЛДЫ

«Халықаралық стандарттарға және ғимаратты ұйымдастырудың және пайдаланудың заманауи тәсілдеріне жауап беретін әуе қозғалысын басқару орталығын ашамыз. Бұл тек Казаэронавигация үшін ғана емес, тұтастай алғанда Қазақстан үшін маңызды қадам. Өйткені, ұшу қауіпсіздігін арттыру әуе тасымалы саласындағы халықаралық нарықта біздің еліміздің беделін артырады. Жаңа қондырғы әуе тасымалы көлемінің артуы мен өсуіне және батыс аймақтың транзиттік әлеуетін күшейтуге серпін береді»,-деді ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев диспетчерлік орталықтың ашылуында сөйлеген сөзінде.

Жаңа мұнараның биіктігі 38 метр. Бұл арқылы Атыраудағы аэродром әлдеқайда жақсы көрінеді. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі диспетчердің жұмысы үшін өте маңызды нысан.

Сондай-ақ, бақылау «Мұнарасы» ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұшу және байланыс радиотехникасының соңғы құралдарымен жабдықталған.

««Мұнара» Атырау әуе қозғалысын басқару орталығының жағдайын жақсартудағы біздің ортақ жұмысымыздың нәтижесі. Біздің жақсы сапаға деген ұмтылысымыздың көрсеткіші және барлық филиалдарда аэронавигациялық қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз етуіміз керек. Жаңа диспетчерлік мұнара арқылы әуе қозғалысын басқару Атырау филиалындағы басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді»,-деді  «Казаэронавигация» бас директоры Азат Бектұров.

Жаңа ғимараттың жұмыс орындарында барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда автономды жылу, орталықтандырылған кондиционер, демалыс бөлмесі, психологиялық көмек бөлмесі, спорттық тренажерлер және т.б. Бұл оңтайлы және тиімді жұмыс істеуге жасалған жақсы мүмкіндік. Азат Бектұровтың айтуынша, диспетчерлік басқару мұнарасын реконструкциялау Петропавл, Қостанай, Өскемен және басқа да қалаларда жүргізіледі.