
Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары!
2021 жылғы 16 тамызда "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" АҚ ғимаратында "Астана-ЕРЦ" ЖШС-мен бірлесіп келесі қызметтерді ұсынатын фронт-офис ашылды:
- кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандарын құру және мүлік иелері бірлестігінің (жай серіктестік) одан әрі жұмыс мәселелері бойынша жедел консультация;
- мүлік иелері бірлестігі төрағасымен немесе жай серіктестіктің сенім білдірілген тұлғасымен шарт жасасу үшін қажетті құжаттар тізбесін ұсыну;
- кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқару және күтіп-ұстау қызметтерін бірыңғай төлем құжатына енгізу бойынша шарттар жасасу.
Фронт-офис мына мекенжайда орналасқан: Нұр-Сұлтан қаласы, Тұран даңғылы, 75 (1 қабат), байланыс телефоны: 99-94-66, 57-82-72.
Жұмыс уақыты: сағат 9-00-18-00, түскі үзіліс сағат 13.00-14-00.