
«Сіздерге бұл шара жемісті болды деп үміттенемін. Сіздердің стратегиялық маңызы бар мәселелеріңізді шешуге, жаңа байланыстар орнатуға және тұтастай алғанда осы үш күннің барлығын тиімді өткізуге мүмкіндік берді деп сенемін»,-деп атап өтті З.Сағынов.
Сондай-ақ салтанатты шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Алберт Рау, Дүниежүзілік тау-кен конгресінің төрағасы Марек Цала, 2021 жылы Австралияда өтетін Дүниежүзілік тау-кен конгресінің төрағасы Хуа Гуо, Австралияның Елшісі Петер Теш, Квинслпенд штатының сауда және инвестиция комиссарының орынбасары Уоррен бартлетт қатысты.
Конгресс жұмысы 2021 жылы Брисбенде (Австралия) өтетін келесі Дүниежүзілік тау-кен конгресін өткізу құқығының символы - «мұнай лампасы» символын тапсырудың ресми рәсімімен аяқталды.

