
Еуропалық стандарттауды халықаралық және аймақтық деңгейде дамыту, стандарттау саласындағы жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі сұрақтар талқылануда. Қатысушылар еуропалық стандарттарды енгізу туралы пікір алмасты, сондай-ақ CEN және CENELEC мүшелерімен екіжақты кездесулер өткізді.
Іс-шара барысында «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» РМК бас директоры Қайрат Кәрібжанов Чехияның Техникалық стандарттау, метрология және мемлекеттік сынақтар басқармасы (UNMZ) және Стандарттау жөніндегі Италияның ұлттық қызметімен (UNI) өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
