
АҚШ долларын құрайтын 7 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл – облыста қосымша 2,5 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, деп атап өтті Қызылорда қаласындағы Инвесторлар тарту және инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі аймақтық кеңес отырысында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев.
Отырысқа Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының басшылығы, өңірдің бизнес-қоғамдастығының өкілдері қатысты.
Отырыста Кеңес мүшелері қазіргі инвестициялық жобалардың, атап айтқанда жылына қуаты 1 млн. тоннаны құрайтын «Компания Гежуба Шиели цемент» ЖШС-нің цемент зауытын, керамикалық бұйымдар шығаратын «Юлдизлар Холдинг ССС» зауытын салу жөніндегі жобалардың іске асырылуын талқылады.
«Жаңа жобаларға инвестициялар тарту үшін Қызылорда облысы әкімдігімен бірге «Үлкен төрттік» кеңесшілерінің қатысуымен әлеуетті «тауашаларды» талдау жөніндегі жұмыс алдын ала жүргізіліп, инвесторларды тартуға арналған нақты жобалар анықталды. Оның қорытындысы бойынша, стратегиялық инвесторларды белсенді түрде тарту және халықаралық стандарттарға сәйкес «шегелеу» қажет болатын 10-нан астам ірі жоба анықталды», - деді С.Тұяқбаев.
Аймақтық кеңес отырысының барысында АӨК, ТМК, МЖӘ салаларындағы әлеуетті жобалар белгіленді.
Қызылорда облысының әкімдігінде аталып өткеніндей, инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасаудың нәтижесінде биыл қаңтар-мамыр айларында Қызылорда облысының негізгі капиталына шамамен 66 млрд.теңге инвестиция тартылды.
«Инвесторларға қолайлы болу үшін облыста кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің бірыңғай орталығы жұмыс істейді. Онда барлық қызметтерге бір жерден қол жеткізуге болады. Аймаққа «Зәкірлі инвесторларды» тарту мақсатында 2018 жылғы қаңтар-мамыр айларында 11 роуд-шоу ұйымдастырылды. Олардың қорытындысы бойынша бүгінгі таңда шетелдік инвесторлармен 3 меморандумға қол қойылды», - деді Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев.
Сондай-ақ, аймақтық кеңес отырысында «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау» жобасының таныстырылымы болды.
Анықтама: 2018 жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 15,4%-ға ұлғйып,65,9 млрд. теңгені құрады.
