ҚР ИДМ КОМАНДАСЫ ШАХМАТТАН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА ӨТКЕН ТУРНИРДЕ ДИНАРА СӘДУАҚАСОВАНЫҢ КУБОГЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

ҚР ИДМ КОМАНДАСЫ ШАХМАТТАН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА ӨТКЕН ТУРНИРДЕ ДИНАРА СӘДУАҚАСОВАНЫҢ КУБОГЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

Іс-шара шахматты дамыту, спорттық дағдыларды жетілдіру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өтті. Турнирді Динара Сәдуақасованың Шахмат академиясы, «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» аумақтық филиалы, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ұйымдастырды.

Шахмат турниріне ҚР Инвестициялар және даму министрлігінен екі команда қатысты. Бірінші команданың атынан Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаментінің жан-жақты ынтымақтастық басқармасының басшысы Еркебұлан Боранбаев пен Инвестиция комитеті Инвестициялық преференциялар басқармасы сарапшысының міндетін атқарушы Көркем Әкетай қатысты. Екінші команданың құрамында Мемлекеттік құпияларды қорғау және мобилизациялық дайындық департаментіне қарасты мобилизациялық дайындық басқармасының бас сарапшысы Талғат Тастанбеков пен Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру басқармасының бас сарапшысы Жанар Тамабаева болды.

Турнирге барлығы 28 команда қатысты. Турнир қорытындысы бойынша, Еркебұлан Боранбаев пен Көркем Әкетай астаналық мемлекеттік қызметкерлер арасында 1-орынды иеленіп, Динара Сәдуақасова Кубогын жеңіп алды. Айта кету керек, Көркем Әкетай осымен екінші жыл «Әйелдер арасындағы үздік ойыншы» номинациясымен марапатталып отыр. Шахмат турниріне бірінші рет қатысқан Талғат Тастанбеков пен Жанар Тамабаева 9-орын алды.