МИБ бойынша сұрақтарыңыз бар ма?

МИБ бойынша сұрақтарыңыз бар ма?

2021 жылғы 19 тамыз-да сағат 11-00-де "Көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа тетіктері. ПИК-тен МИБ-ке өту ерекшеліктері. Проблемалық мәселелер" тақырыбында республикалық вебинар өтеді.

Басқарудың жаңа формаларына көшу көптеген пәтер иелері үшін оңай процесс емес. ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің мамандары қажетті қолдау көрсетуге дайын: сұрақтарыңызға жауап беріп, күмәндарыңызды сейілтіп, жаңа басқару органдары жұмысының тетіктері мен артықшылықтарын түсіндіріп, туындаған қиындықтарды шешуге көмектеседі.

Егер сұрақтарыңызға нақты жауап алғыңыз келсе, вебинарға қатысыңыз. Ол үшін мына жерде тіркеле аласыз. Эфирге кіру сілтемесі тіркелгеннен кейін келеді. Вебинарға еліміздің барлық аймағынан қатысады деп күтілуде. Сондықтан эфир үзілмей, дұрыс өтуі үшін техникалық қолдау жүктемені дұрыс есептеуі керек. Іс-шараның көрсетілімі Facebook және Youtube ресми парақшаларында жүргізіледі. Сол жерде вебинарды көріп, сарапшыларды тыңдауға болады.

Онлайн шараға ҚР ИИДМ Құрылыс және ТКШ істері комитетінің басқарма басшысы – "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" АҚ Басқарма төрағасы Ербол Төлеуов, ҚР Кооперативтер ұлттық қауымдастығының президенті Қазыбек Шайх, ПИК және МИБ өкілдері қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың қаңтарында "Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңына түзетулер күшіне еніп, соған сәйкес көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқару құрылымы өзгеруде. Кондоминиум объектісін басқару, оны күтіп-ұстауды қаржыландыру және ортақ мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері басқарудың жаңа нысандарының бірін: мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) немесе жай серіктестікті (ЖМ) таңдауға міндетті.

Вебинарға қатысып, сауалдарыңызға толық және нақты жауап алыңыздар.