ТАШКЕНТТЕ СТАНДАРТТАУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ 53-ШІ ОТЫРЫСЫ ӨТУДЕ

ТАШКЕНТТЕ СТАНДАРТТАУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ 53-ШІ ОТЫРЫСЫ ӨТУДЕ

МАК-тың 53-ші отырысының жұмысына сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеуді тану туралы стандарттау, метрология жөніндегі ұлттық органдардың басшылары мен өкілдері қатысып жатыр.

Сонымен қатар МАК отырысына бақылаушы ретінде шақырылған ИСО сияқты стандарттау, метрология, сертификаттау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық, өңірлік және шетелдік ұйымдардың (ИСО бас хатшысы Серхио Муджика), МЭК (халықаралық қатынастар жөніндегі өкілі Мариа Антаунетта Питтелауд) және КООМЕТ (Президент В.Л.Гуревич), Тубитак УМЕ, ТУРКАК, ТМД Электртехникалық Кеңесі және т.б.өкілдері қатысуда.

Отырыс барысында ұлттық органдардың, халықаралық және өңірлік ұйымдарды өкілдерінің жүргізілген жұмыстары туралы есептер тыңдалып, болшақта МАК-ты одан әрі дамыту стратегиясын қайта қарады.

Жалпы 35-тен астам мәселе, оның ішінде стратегиялық маңызды бағыттар бойынша жобалар талқыланды:

- МАК пен ИСО арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісімді әзірлеуші Қазақстан Республикасы. 2017 жылы қыркүйекте Қазақстан ИСО Кеңесінің құрамына кіргенін атап өткен жөн, оған қатысу халықаралық стандарттауды дамыту саласындағы жаһандық мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді;

- ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өзара саудадағы техникалық кедергілер туралы келісімі;

- Сәйкестiктi бағалау жөнiндегi органдарды өзара тану және салыстырмалы бағалауды жүзеге асыру бойынша оның іске асырылуын қабылдайтын тетiгi, аккредиттеу жөніндегі өңірлік аккредиттеу ұйымын (қауымдастығын) құру туралы келiсiм;

- Заттар мен материалдардың стандарттық үлгілері мен құрамын жасақтау және қолдану ынтымақтастығы туралы келісім;

- Мемлекетаралық стандарттау бойынша құжаттарды тарату туралы 2018 жылғы 1 маусымда қол қойылған Үкіметаралық келісімді іске асыруда мемлекетаралық стандарттау бойынша құжаттарды тарату тәртібі;

- Сынақ нәтижелерін тану және типті бекіту, заттар мен материалдардың стандарттық үлгілерін мен құрамын салыстырып тексеру және қолдану тәртібі.

Қызметтің бағыттары бойынша сараптамалық деңгейде мемлекетаралық стандарттар, мемлекетаралық техникалық комитеттердің жұмысы бойынша, МАК қызметін ақпараттық қамтамасыз ету туралы, мемлекетаралық стандарттық үлгілерді қабылдау және жандандыру туралы, ұлттық эталондардың деректер базасын қалыптастыру және жүргізу туралы,заттар мен материалдардың физикалық константасы мен қасиеттері туралы аттестатталған мәліметтерді әзірлеу бағдарламасы туралы, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің уәкілетті метрологиялық органдарының ILAC P10 саясатының талаптарын қолдану және басқа да маңызды мәселелер талқыланды.

Сарапшы топтың жұмысының аяқталуы бойынша қорытынды жасау және нақты қол жеткізілген келісімдер мен болашақта атқарылатын міндеттерді көрсете отырып, МАК 53-ші отырысының хаттамасына қол қою жоспарланып отыр.