
Келіссөздердің нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасында әуе қатынасы туралы үкіметаралық Келісімнің жаңа мәтіні «горизонталды» Келісімнің элементтерімен белгіленді. Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылып, оның негізінде елдердің тағайындалған әуе компаниялары аптасына 3 рейс, екі ел арасына барлығы 6 рейсті орындауға мүмкіндік алды.
Сондай-ақ, әр ел аумағында тұрақты рейстерге арналған пункттерді анықтау туралы келісімге қол жеткізілді. Осылайша, қазақстандық тасымалдаушылар Болгария астанасы – София қаласына және Бургас, Варна сияқты курортты қалаларына ұша алады. Сонымен қатар, Болгарияның тағайындалған әуе компаниялары Қазақстанның Астана, Алматы, Шымкент сияқты «миллионды-қалаларына» ұшуға мүмкіндік алды.
Болгария қазақстандық жолаушылар үшін белгілі туристік бағыт. Соңғы жылдары Болгария тарапы маусымдық туристік рейстерді жүзеге асырды.
Жаңа келісімдерге қол жеткізу тікелей тұрақты рейстер ашуды жеңілдетеді.

