
Тараптар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында ІТ-технологияларды дамыту және енгізу мақсатында стратегиялық серіктестер ретінде өзара іс-қимыл жасайтын болады.
Меморандумға сәйкес, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Қазақстанның көппәтерлі тұрғын үйлерде өндірісті жолға қою және ортақ үйлік және жеке есепке алу приборларымен көрсеткіштерді қашықтықтан жинауға арналған IoT-құрылғыларды («Интернет заттар») кейіннен енгізуге «AUTOMATO» ЖШС толық жәрдем беріп, қолдау көрсететін болады.
«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ басқарма төрағасы Нұрсұлтан Жиенбаевтың айтуынша, мұндай меморандумға қол қою ТКШ бүкіл саласын цифрлық трансформациялау жолындағы маңызды қадамдардың бірі.
«Елдің экономиканы цифрландыру бағдарын ескере отырып, біз отандық IT-әзірлеушілерді белсенді түрде қолдаймыз. Атап айтқанда, ТКШ саласында бірыңғай зияткерлік ақпараттық жүйесін құру бойынша ауқымды жұмыс жасап отырмыз, оған ең заманауи технологиялар, оның ішінде Интернет заттар технологиялары енгізілетін болады», - деді басқарма төрағасы.
Қазақстандық ІТ-шешімдердің көрмесі Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отырғанын және мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, бизнестің және басқа да мүдделі тараптардың өкілдеріне арналғанын атап өткен жөн. Іс-шараның мақсаты отандық әзірлеушілер мен өндірушілердің мүмкіндіктерін көрсету және ілгерілету, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында бәсекеге қабілеттілікті арттыру және индустриялық-инновациялық қызметті ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Анықтама үшін:
«Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы («ТКШ Қазорталығы» АҚ) инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін (ИТК) жаңғырту және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2009 жылы құрылды. Компания қызметінің негізгі бағыттары ИТК инвестициялық тартымдылығын арттыру, талдамалық және ғылыми зерттеулер жүргізу, ИТК саласында инновациялық технологиялар мен заманауи басқару әдістерін енгізу болып табылады.
«AUTOMATO» ЖШС–әртүрлі салалардағы бизнес процестер мен басқаруды автоматтандырумен айналысатын қазақстандық IT-компания. Компанияның қызметі «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының міндеттерінде тікелей көрсетіледі. «AUTOMATO» ЖШС бірнеше инновациялық жүйелер мен ІТ-өнімдерге айрықша мүліктік құқықтарға ие. Бұдан басқа, компанияның шетелде ІТ-өнімдерді табысты пайдалану бойынша да жұмыс тәжірибесі бар.
