
Олардың екеуі – Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының (КБИ) қызметкерлері, соның ішінде КБИ басшысының міндетін атқарушы; қалғандары – ШҚО бойынша КБИ қызметкерлері. Бұл туралы ҚР ИДМ Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асавбаев құрылымдық ведомствоның селекторлық кеңесі барысында атап өтті. Сонымен қатар ол есептік мерзімде қызметкерлердің инспекциялар арасында ауысқаны бойынша 10 фактісі анықталғанын тілге тиек етті. Сонымен қоса Қостанай инспекциясы мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік құқық бұзушылық жасалғаны туралы мәліметі бар қызметкерді жұмысқа қабылдаған. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» шарасы бойынша жұмысты күшейту мақсатында Көлік комитеті мен көлікті бақылау инспекцияларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі анализіне байланысты арнайы жоспар қабылданды. Анализ қорытындысына сәйкес көптеген құқық бұзушылықтар анықталды. Көлікті бақылау бекеттерінің тексерісі инспекция қызметкерлері құқық бұзушыларға айыппұлдар мен жүріп өту үшін жиналымдарды азайту арқылы заңсыз әрекет көрсеткен.
ШҚО облысында 47 факті, Қарағанды облысында жеке кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке жеке тұлға ретінде тартылғаны бойынша 10 факті анықталды. Осының салдарынан нәтижесінде 12 млн теңге айыппұл салынбаған. Барлық инспекциялардан 226 факті анықталды»,- деп, мәлімдеді Комитет төрағасы.
Арақашықтықты қысқарту арқылы жиналым сомасын азайту фактілері де орын алған. Мысалы, Жамбыл облысында екі осындай факті бойынша келтірілген нұқсан сомасы 1,1 млн теңгені құрады.
«В-АП» біріктірілген мобильді өлшеу құралынан Ахуалдық орталыққа түскен мәліметтер арқасында көптеген бұзушылықтар анықталғанын атап өткен жөн.
Сондай – ақ анализ инспекция басшыларының жазасы бар қызметкерлерге негізсіз бейілділік жасағанын көрсетті. Маңғыстау облысында инспектор құқық бұзушыға ешқандай шара қолданбаған, анықталу барысында басшылық осы фактіге байланысты салбырттық танытқан. «Испекциялар басышларына ескертемін, егер де қылмыстық құқық бұзушылық және құқық бұзушылықтың белгілері болған жағдайда құқық қорғау органдарын ақпараттандыру шараларын қолдану қажет, бөлек инспекциялардан Комитетке құқық қорғау органдарына материалдарды жібермеу туралы өтініштер түсіп жатыр. Сондықтан осындай ұсыныстар тағы да түскен жағдайда материалдар құралатын болады» - деді Әсет Асавбаев.
Бұзушылықтар кәсіпкерлік субъектілерін бақылауды іске асыру саласында да анықталған. Атап айтқанда, кәсіпкерлік субъектілерін негізсіз іріктелген тексеру тізіміне қосқан, немесе орынды негіздің болуына қарамастан қоспаған.
Комитет басшысы жемқорлық сыбайлас тәуекелдері мен фактілерін қысқарту бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы және жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген инспекциялардың қызметкерлеріне сый ақы беру жүйесі енгізілгенін мәлімдеді.
Бұдан басқа анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша заңнаманы жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Осылай көліктің тексерісін өткізу тәртібі мен уақытына бағытталған бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру Ережелеріне өзгерістер енгізілді.
Көлікті бақылау процедурасы енді видеожетондарға түсірілетін болады.
Сондай – ақ инспектор өткізілген әрбір тексерістің нәтижелері туралы актіні толтырып, және сол актінің көшірмесін жүргізушіге беретін болады.
