Тұрғын үй жағдайын жетілдіру. Заманауи технологиялар

Тұрғын үй жағдайын жетілдіру. Заманауи технологиялар

Халыққа қолайлы жағдай жасау үшін заманауи технологияларды қолдана отырып, тұрғын үй сапасына қойылатын талаптар және оларды зияткерлік басқару жүйелерімен жабдықтау жұмыстары күшейтілді.

Ол үшін құрылыс объектісінің барлық кезеңдерінде (жобалау, салу және пайдалану) энергиялық тұрғыдан тиімді жобалауды және басқаруды қамтамасыз ететін БИМ-технологияларды енгізу көзделеді. Оларды технологиялық күрделі объектілерде, одан әрі барлық құрылыс нысандарында қолдану жоспарланып отыр.

Жобалау процесінде энергия үнемдейтін технологияларды, құрылыс материалдары мен конструкцияларды қолданып, болашақта тұрғын үйді күтіп-ұстауға кететін тұрғындардың шығынын 30-40% азайтуға болады.

Сондай-ақ, Е-QURULYS құрылыс сапасын бақылаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі енгізілуде. Бұл жүйе бойынша онлайн режимде құрылыс объектісін көріп отыруға болады.

Бақылаушы органдар осы жүйеге қосылып, онлайн режимде шұңқырын қазудан бастап объекті аяқталғанға дейін құрылыстың барлық процесін бақылай алады. Сондай-ақ бизнеске қысым жасауға жол берілмейді.

Құрылыс процесінде жасырын жұмыстар, мысалы, іргетастар мен бағандардағы арматура орналастырылып қана қоймай, сонымен қатар фото және бейне форматта сақталады. Бүкіл хронологиялық тарихы ұзақ жылдар бойы қолжетімді болады.

Бұдан басқа, ТКШ жүйесін цифрландыру және аспаптандыру процесі жүргізіліп жатыр. Бұл су, энергетика және өзге де ресурстарды тұтынуды реттеп, "Ақылды үй" жүйесін енгізуге мүмкіндік береді. Және қызмет саласының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етеді.

Кондоминиум объектісін басқарудың тиімді жүйесі құру мақсатында коммерциялық емес ұйымның "Бір үй - бір бірлестік (серіктестік) - бір шот" қағидаты бойынша "Мүлік иелерінің бірлестігі" құрылады.

Аталған қағидат әрбір көп пәтерлі тұрғын үйді басқарудың жеке тәсілін қарастырады және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілерінің қарым-қатынасын реттейді.