Ж.ҚАСЫМБЕК ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН ҚҰРМЕТ ИЕЛЕРІН «АСТАНА 20 ЖЫЛ» МЕРЕЙТОЙ МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАДЫ

Ж.ҚАСЫМБЕК ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН ҚҰРМЕТ ИЕЛЕРІН «АСТАНА 20 ЖЫЛ» МЕРЕЙТОЙ МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАДЫ

Салтанатты рәсімде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек көлік, азаматтық авиация, геология және жер қойнауын пайдалану, стандарттау және техникалық реттеу, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ТМК, өнеркәсіп және инвестициялар тарту саласының еңбек ардагерлеріне мерейтойлық медальдар табыс етті.

«Мемлекет басшысының шешімімен «Астана 20 жыл» медалі министрлік жетекшілік ететін салаларға еңбек сіңірген қызметкерлерге берілді. Министрліктің барлық құрметті тұлғалары мен қызметкерлері біздің әдемі Астанамыздың қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты. Бұлар елорданың көлік қолжетімділігін дамыту, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, индустриалды және өңдеу секторлар», - деп атап өтті ҚР ИДМ басшысы.

Мерекелік медаль 80-нен астам адамға берілді: Серік Алигужинов, Юрий Лавриненко, Қажымұрат Нағманов, Серікбек Дәукеев, Әбілғазы Құсайынов, Берік Камалиев, Роман Скляр, Қайырбек Өскенбаев, Есіркеп Әбдрахманов, Александр Андрющенко, Сейітсұлтан Аимбетов, Әмина Ахмедьярова, Бақытжан Бекетаев, Несіпгүл Есембаева, Амантай Кокатаев, Магрифа Каирбекова, Салтанат Рахманова және т.б.

«Астана 20 жыл» мерейтойлық медалі - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 20 маусымдағы №706 Жарлығына сәйкес бекітілген мемлекеттік сыйлығы.

Мерейтойлық медаль Қазақстан Республикасы мен оның астанасын қалыптастыруға және дамытуға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.