ТҮРКІСТАН ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МӘДЕНИ-РУХАНИ ОРТАЛЫҒЫ РЕТІНДЕ БАС ЖОСПАРЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ

ТҮРКІСТАН ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МӘДЕНИ-РУХАНИ ОРТАЛЫҒЫ РЕТІНДЕ БАС ЖОСПАРЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ

Аталған конкурстың мақсаты түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде Түркістан қаласының бас жоспарының Тұжырымдамасының сәулет-қала құрылысы шешімдерін алуға негізделеді, мұнда облыс орталығы ретінде Түркістан қаласының ұзақ мерзімді аумақтық дамуы, мәдени-тарихи мұрасының сақталуы бойынша сапалы шешімдер ұсынылатын болады.

Конкурсты өткізу мерзімі: 2018 жылғы 11 шілдеден бастап 11 тамыз аралығы. Конкурсқа ұсынылған жобалар көрмесі Түркістан қаласында 15-20 тамыз аралығында өтеді.

Конкурстың жүлде қоры (салықтарды қоспағанда) 40,0 млн.теңгені құрайды, оның ішінде:

- 1 орын – 25,0 млн.теңге;

- 2 орын – 10,0 млн.теңге;

- 3 орын –   5,0 млн.теңге.

Конкурсты ұйымдастырушылар: Комиссия және Түркістан облысының әкімдігі

Конкурс сайты: Turkestangenplan.kz

Конкурсқа кәсіби сәулетшілер және қала құрылысын жүзеге асыру мамандары (жеке және заңды тұлғалар) қатыса алады.

Тіркелу формасы ұсынылған немесе сілтеме арқылы онлайн өтіңіз: https://goo.gl/forms/Hgib4INFc0tAqIsH3

Конкурс шарттары, техникалық тапсырма және басқа да бастапқы материалдар қатысушыларға сәтті тіркелгеннен кейін 1 күн ішінде электронды мекенжайына жіберілетін болады.

Конкурсқа қатысты сұрақтарды: konkurs@turkestangenplan.kz; astanagenplan@mail.ru электронды мекенжайына жолдауға болады.

Жобаның үйлестірушілері:

- конкурсқа тіркелу мәселесі бойынша - Сагалова Толкын +7 701 537 20 50

- ұйымдастыру мәселелері бойынша -  Кусаинова Гульнар Кабденовна, 8-701-599-71-86; 8 (717 2) 39-10-98, 39-11-40;

- техникалық мәселелер бойынша – Кожансугиров Шингис, 8-707-119-70-30; 8-776-353-00-43; 8 (725 2) 24-74-08; Ерубаев Жумахан Абенович, 8-701-358-47-92, 8-705-897-75-61.

Тіркелу формасы