
Семинарға 12 елдің (Әзербайжан, Армения, Белоруссия, Сербия, Македония, Украина, Өзбекстан, Албания, Грузия, Қырғызстан, Молдова и Черногория) ұлттық стандарттарының өкілдері қатысып жатыр.
Семинарды ISO Орталық Хатшылығының даму, оқыту және техникалық саясат бөлімінің қолдауымен халықаралық сарапшылар өткізуде.
Бұл семинардың негізгі мақсаты - хабардарлық деңгейін арттыру және стандарттарды қолдану туралы түсінікті жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік органдар, және Ұлттық стандарттау жөніндегі орган арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі іс-шаралар бағдарламасымен танысу көзделген.
Іс-шараны ҚР ИДМ ТРМК төрағасының міндетін атқарушы Шынар Қазыбаева Қазақстанға мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда стандарттарды қолданудың өзектілігін және стандарттарды қолданудың экономикалық артықшылықтарын атап өтті.
Қазақстан Республикасының Үкіметі стандарттауға көп көңіл бөледі. Стандарттау туралы жаңа заң жобасы аясында ұлттық стандарттау жүйесін жетілдіру, оның ішінде ұлттық стандарттардың мәртебесін көтеру, стандарттау бойынша техникалық комитеттердің рөлін күшейту және ұлттық стандарттарды қолдану мониторингісін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан 1994 жылдан бері ISO-ның толық мүшесі және бүгінгі күні біздің сапа инфрақұрылымымыз халықаралық талаптарға сәйкес келеді.
Стандарттау және алдыңғы қатарлы стандарттарды енгізу аймақтық елдерінің индустриялық-инновациялық дамуына және экономикалық өсуіне ықпал етеді.
Бас директордың орынбасары Е.Әмірханова семинар қатысушыларына техникалық реттеу және стандарттау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы Қазақстанның тәжірибесі туралы айтып өтті.
2018-2022 жылдар аралығында Қазақстан ISO Кеңесіне қатысады, кеңесте стандарттаудың өзекті мәселелерін халықаралық стандарттау тақырыбын күн тәртібіне енгізу жоспарлануда.