ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІН ҰЗАРТАДЫ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІН ҰЗАРТАДЫ

Бағдарламаның барлық әлеуетті өтінім берушілеріне қатысуға өтінім беру мүмкіндігін ұсыну мақсатында, Агенттік ҚР ИДМ бірлесе отырып өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзартады. Инновациялық гранттарға өтінімдерді қабылдау 2018 жылдың 30 шілдесінен бастап 3 қыркүйегіне дейінгі кезеңде электрондық түрде Digital Baiterek Интернет порталында жүргізілетін болады.  (http://digital.baiterek.gov.kz/).

Жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың технологиялық дамуына гранттар беру қағидаларына сәйкес, гранттың сомасы лицензиялық шарт бойынша негізделген шығындардың 70 %  -на дейін және (немесе) жабдықтарды сатып алу үшін негізделген шығындардың 50 % -на дейін құрайды.

Грант заманауи/алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік технологиялардың трансферті арқылы кәсіпорынның  технологиялық деңгейін арттыруға бағытталған.

Салалардың технологиялық дамуына арналған инновациялық грант мөлшері лицензиялық шарт бойынша негізделген шығындардың 70% -на дейін, жабдықтарды сатып алу үшін негізделген шығындардың 50%-на дейін және технологиялық құзыреттілікті арттыру бойынша негізделген шығындардың 85% -на дейін құрайды.

Грант негізінен алдыңғы қатарлы шетелдік технологиялар, тәжірибелер, білімдер мен дағдылардың трансферті арқылы қолданыстағы  салаларды дамытуға бағытталған.

Технологияларды коммерцияландыруға арналған гранттың мөлшері негізделген жарияланған шығындардың 50% -ына дейін құрайды.

Грант өз өндірісінде ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін енгізуге бағытталған.

Гранттың әрбір түрі бойынша игеру мерзімі 36 айдан аспауы керек.

Агенттік ашықтықты арттыру, түсіндіруге қол жетімділік және мемлекеттік қолдау шараларының сапасын арттыру бөлігінде инновациялық гранттар беру бағдарламасын нығайтты.

2011-2017 жылдар аралығында жалпы 13 882 млн. теңгеден астам сомаға инновациялық гранттар беру туралы 337 шарт жасалды.

Жалпы, гранттық қаржыландыру бағдарламасының жүзеге асырылуы оң әлеуметтік-экономикалық серпінді көрсетеді. Грант алушылар ұсынған ақпаратқа сәйкес, жүзеге асырылу барысында 2014-2017 жылдар аралығында – 3 158 жұмыс орны құрылды, грант алушылармен төленген салықтар сомасы 8 893 млрд. теңгені құрады, шығарылған өнімдердің жалпы көлемі  – 162 910 млрд. теңге.

Қазіргі уақытта Агенттікпен қолайлы инновациялық экожүйені құруға бағытталған бизнес-модельді қайта құру жүргізіледі, оның аяқталуы ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында күтіледі.

Толық ақпаратты www.natd.gov.kz/grants сайтынан, сондай-ақ «ТДҰА» АҚ телефондары бойынша +7(7172) 571-016 (ішкі 444)/ ҚР ИДМ +7(7172) 983-429, +7(7172) 983-431  немесе мына мекен-жай бойынша білуге болады: Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 55а, «Бәйтерек» бизнес орталығы.

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік (ТДҰА) инновациялық даму үдерістерін үйлестіруді және мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу үшін құрылды.

ТДҰА «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымына кіреді.