Біліктілікті жоғарылату курстары (сертификаттарды беру) мен өңірлік конференциялар тегін және келесі тақырыптар бойынша өтеді:
- Кондоминиумдарды басқару органдарының басшылары мен қызметкерлері үшін «Тұрғын үй ғимараттарындағы энергия үнемдеу: тиімді басқару және энергияны үнемдейтін технологияларды қолдану» тақырыбында Үш күндік курстар.
- Кондоминиумдарды басқару органдарының басшылары мен қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен коммуналдық қызметтер мамандары үшін «Кондоминиумның жалпы мүлкін басқарудағы ұйымдастыру, құқықтық, қаржылық және энергия үнемдеу аспектілері, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлерде зияткерлік менеджмент жүйесін пайдалану» тақырыбынад Бес күндік курстар.
- Облыстар, қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарының, муниципалды және энергетикалық сервистік компаниялардың мамандары үшін «Энергияны басқару, энергетикалық аудит және тұрғын үйді үнемдеу» тақырыбында Он күндік курстар.
- Жергілікті атқарушы органдар, коммуналдық кәсіпорындар, ғалымдар және ғылыми-зерттеу институттары, үкіметтік емес ұйымдар, салалық қауымдастықтар және бірлестіктердің мамандарының қатысуымен кондоминиум объектісін басқару органдары үшін «Инновацияларды және энергияны үнемдейтін технологияларды енгізудің тиімді әдістерін қолдану негізінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту» тақырыбында Өңірлік конференциялар
Қатысу сұрақтары туралы келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: 8-7172-999-445, ұ.т 87757768722, және келесі электрондық мекен-жай бойынша: i.rakhimova@zhkh.kz, Indira_zhas@mail.ru