
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің тапсырмаларын орындау аясында қауіпті өнімдер айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туарлы, оның қызметін техникалық реттеу мен өндіру, өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелік шаралары, ЕАЭО-тың шешімдерінің жобалары, техникалық регламенттер, ондағы өзгерістерге қатысты мемлекеттік органдардың және бизнес-қоғамдастықтың ұстанымдарын қалыптастыру мәселелерімен толықтыру ұсынылды.
Сондай-ақ, кеңеске қатысушылар ЕАЭО-тың өнімдері мен техникалық регламенттерінің қамтамасыз ету бөлігіндегі Жол картасының жобасы бойынша бірқатар мәселелерді жан-жақты қарастырды.
«Жол картасында техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді мемлекеттік бақылау бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жөніндегі ұсыныстары, азық-түлікке, азық-түлікке жатпайтын және өнеркәсіптік өнімдерге мемлекеттік бақылауды тиімді жүргізу бойынша ұсыныстар әзірлеу көзделген. Карта сонымен қатар қауіпті өнімдерді анықтауда мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жетілдіру мәселелерін қамтиды. Қазақстан Республикасының аумағында сертификатталмаған импорттық өнімдерді айналымнан алып тастау мәселесін шешу маңызды болып қала береді. «Жол картасы» жобасының пысықталған редакциясын одан әрі бекіту үшін Үкіметтің қарауына енгізу жоспарлануда», - деді Арман Шаккалиев.
Бұдан бөлек, салаларды қамтамасыз ету мәселелерін қарастыру туралы мемлекеттік органға нормативтік-техникалық қамтамасыз ету, сертификаттау және зертханалық базаны жабдықтау, метрологиялық қамтамасыз ету бөлігіндегі ұсыныстарды дайындау ұсынылды.
Сонымен қатар, «ҚазМетИн» РМК Бас директорының орынбасары Дәурен Шәріпов, мемлекеттік реттеуге және оларға метрологиялық талаптарды белгілеуге жататын өлшемдер тізбесін қалыптастыру барысы туралы айтты.
Ол «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында мемлекеттік органдардың мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесін бекіту құзыреті көзделеді, деген ақпарат берді. Жоғарыда аталған заң күшіне енген уақыттан бастап өлшем құралдарына мемлекеттік бақылау жүргізу өлшемдер тізбесі арқылы жүзеге асырылады.
Комитет төрағасы осы тетікті енгізудің маңыздылығын және өзектілігін атап өтті. Бұл мемлекет пен облыс тарапынан бизнестің өзі бақылайтын өлшемдер үшін бақылау жүргізу саласының ара жігін ажыратуға мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасында GLP-дің тиісті зертханалық практикасын енгізу мәселесі талқыланды. Өз сөзінде Арман Шаккалиев бұл бағыттағы жұмысты өзектендіру және шетелдің озық тәжірибесін пайдалана отырып, осы бағыттағы зертханалық практикаға сүйену қажеттігін атап өтті.
Кеңестің қорытындысы бойынша, қатысушылар бірлесіп жұмыс істеу қажеттілігі мен жалпы техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді күшейтуде ортақ пікірге келді.
