
GCIP бағдарламасы «жасыл» технологиялар саласында стартап-жобаларды қолдауға бағытталған. (GEF) Жаһандық экологиялық қордың гранттық қаржыландыруын алған GCIP серіктес елдері, өз елдерінде кәсіпкерлер арасында байқау жүргізіп және олардың арасынан ең перспективті жобаларды жетілдіру және коммерцияландыру үшін таңдайды.
GCIP Қазақстандық серіктесі ретінде «ТКШ Қазорталығы» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылатын, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы» (ТКШ КазҒТО) анықталды. Қазіргі күні, ТКШ КазҒТО және UNIDO GEF-ке бірлескен өтінімін даярлау және жолдау үшін басты бағыттарды жетілдіруде. Грант алған жағдайда, жобаларды жинақтау, іріктеу, жетілдіру және коммерциализациялау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу жоспарлануда. Әр байқауға 100 ден 200-ге дейін шағын және орта бизнес өкілдері қатысады. Жартылай финалға шыққан 25 қатысушыдан қазақстандық және шет елдік сарапшылар 2 финалист таңдап, олар өз бизнесін дамыту және өрлету үшін Силикон алқабына жолданатын болады.
«Аталған жобаны іске асыру барысында Қазақстан су-энергетика ресурстарын тиімді пайдалану және инфрақұрылым және тұрғын үй кешені саласында қалалардың тұрақты даму моделін құру мәселелерін шешу үшін жаңа технологиялық бизнес өнімдер ала алады. Біз бағдарламаның белсенді қатысушысы болып, қазақстандық инновациялық стартап-жобаларды жылжыту және экологиялық таза технологияларды дамыту үшін бар күш жігерімізді саламыз», - деп атап өтті «ТКШ Қазорталығы» АҚ-ның Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Өмербаев.
Айта кетерлігі, 2014 жылдан бері UNIDO/ GEF 9 мемлекеттен (Армения, Үндістан, Малайзия, Пәкістан, Түркия, Африка, Вьетнам, Бразилия, Таиланд) 900 мыңға жуық өтінім ұсынылды, оның ішінде бағдарламаға қатысу үшін 100-ден астам өтінім қабылданды.

