
Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев және ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Ақбатыр Надырбаев жеңімпаздарды құттықтап, сыйлықтарын ұсынды және геологиялық ғылымды әрі қарай зерттеуде үлкен жетістіктерге жете берулеріне тілектестіктерін білдірді.
Жарыс аяқталған соң жүлделі орындар берілді. 1 орын –«Кузбас» командасы Кемерево қ. (Ресей), 2 орын – «ГеоБарс» командасы Қазақ қ. (Татарстан, РФ), 3 орын – «Странник» командасы (Қырғызстан).
Қазақстандық командалар арасында жүлделі орындардың реті мынадай: 1 орын – 34 карат командасы (Өскемен қ.), 2 орын – «Геолис» командасы (Алматы қ.), 3 орын – «Альтаир» командасы (Астана қ.).















