ҚР ИДМ-ДЕ КӨЛІК САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ҚР ИДМ-ДЕ КӨЛІК САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Көлік саласындағы жалпы еңбек өтілі 24 жылдан асқан Асқар Бекжанов "Почетный железнодорожник" төсбелгісімен марапатталды. Қазір ол "Кызылорда-Жезказган" қатынасындағы №617/618 жолаушылар пойызы жол серіктерінің нұсқаушысы болып қызмет етеді.

Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есентаев "Құрметті автокөлікші" төсбелгісімен марапатталды.

Павлодар облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Серік Талдыбаев "Үздік автокөлікші"  төсбелгісімен марапатталды.

Эльмира Рахмалинова, Арман Ертурин  және Амангелді Мешітбаев көлік саласының өркендеуіне үлес қосқаны үшін ҚР ИДМ-нің  "Құрмет" грамотасымен марапатталды.  

Талғат Оспанов, Ерлан Жумаканов, Сәуле Кенбаева, Нұрсұлтан Төлепбергенов және Жанар Кубекенова Комитет төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.

Атаулы күнге орай мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметшілер ант берді. Олар – Ахуалдық орталықтың сарапшысы Аслан Тулемисов және Инфрақұрылымдық жобаларды сүйемелдеу және жұмылдыру жұмысы басқармасының сарапшысы Жандаулет Жанабаев. 

Мереке қарсаңында комитет пен оның аймақтық органдары қызметкерлерінің балалары арасында сурет салудан байқау өтті. Байқау нәтижесі бойынша Дәмелі және Әсима Жүсіпбековалар 1-ші орынға ие болды.