
Қазіргі уақытта «Қазаэронавигация» РМК-ның мамандары Баянауыл аэродромына ұшуды бақылаудың мобильді орталығын орнату жұмыстарын жүргізуде. Метеорологиялық жабдықтарды, радионавигациялық құралдарды және байланыс жүйелерін орнату шаралары да қарастырылған.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, келесі туристік маусымда Астана-Баянауыл, Алматы-Баянауыл, Павлодар-Баянауыл рейстерін ашу жоспарланып отыр. Жоғарыда көрсетілген бағыттарға аймақтық авиацияның ұшақтарын пайдалану көзделіп отыр.


