ЖОЛАУШЫ ПОЙЫЗДАРЫН КЕЗЕКТІ ТЕКСЕРУ БАРЫСЫНДА ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРҒА 35 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

ЖОЛАУШЫ ПОЙЫЗДАРЫН КЕЗЕКТІ ТЕКСЕРУ БАРЫСЫНДА ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРҒА 35 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Атап айтқанда, Алматы-Озинки, Алматы-Новосибирск, Маңғыстау-Ақтөбе, Маңғыстау-Атырау, Алматы-Сарыағаш, Алматы-Жезқазған, Алматы-Маңғыстау және Алматы-Қостанай бағыттарымен жүретін пойыздар тексерілді.

Оның нәтижесінде Ұлттық стандарт талаптарына қатысты 348 заң бұзушылық анықталды. Олардың ішінде вагондардың техникалық жағдайы, терезелердің герметикалығын сақтамау, терезе рамаларындағы таттың іздері, төсек орындарының ластығы анықталды. Сондай-ақ, дәретхана жабдықтары мен басқа да қажетті заттардың болмауы сияқты кемшіліктер бар.

Тексеріс қорытындылары бойынша тасымалдаушыларға 35 млн. теңгеден астам соманың айыппұлы салынды. Сонымен қатар, жақын арада анықталған заң бұзушылықтарды жоюға тапсырма берілді.