
Кездесу барысында тараптар екі жақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін, атап айтқанда инвестиция, сауда, жер қойнауын пайдалану және т.б. мәселелерді талқылады.
Тараптар жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамытуға, үнді тарапын қосымша инвестиция талап ететін Қазақстан жер қойнауын пайдалаушы компанияларының жобаларымен таныстыруға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласын реттеуде тәжірибемен алмасуға айрықша қызығушылық білдірді.
Кездесу соңында П.Кумар мырза Қазақстан делегациясын 2018 жылғы 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Нью-Дели қаласында (Үндістан) өтетін Махатма Ганди атындағы Санитария мәселелері бойынша өтетін халықаралық конвенцияға қатысуға шақырды.
Кездесу тілектес және достық жағдайында өтті.




