
Жүргізілген сынақ қорытындылары бойынша тұрғын үйді "Өзбекстандағы қолжетімді тұрғын үй" мемлекеттік бағдарламасының аясында үлгілік жоба ретінде әрі қарай пайдалану мүмкіндігі туралы тиісті шешім қабылданатын болады.
Өзбек әріптестермен қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, сату және маркетинг жөніндегі менеджері Эркин Алимухамедов және BINOKOR үй құрылысы комбинатының бас технологы Кирилл Туляганов "ҚазҚСҒЗИ" АҚ орталық ғылыми-зерттеу зертханасына жұмыс бабымен келді. Ташкенттен келген әріптестерді вибродинамикалық машинаның жұмыс істеу қағидасы, сынаулар барысында алынған деректерді талдау кезеңдері, сондай-ақ вибродинамикалық сынаулардың қорытындылары бойынша ұсыныстар даярлау процесі қызықтырды.
"Ташкент Алматы сияқты сейсмикалық аумағы 9-10 баллға тең сейсмикалық қауіпті өңірлерге жатады. Бізде сейсмикалық қауіпті өңір үшін нормативтік құжаттар әзірленген, барлық ғимараттар соларды ескере отырып жобаланады, алайда біз натуралық сынақтар жүргізбейміз. Өкінішке орай, тиісті жабдықтар жоқ. Біз нарыққа талдау жүргіздік және натуралық вибродинамикалық сынақтарды ТМД бойынша тек Қазақстанда және Ресейде жүргізетіні анықталды. Біз ҚазҚСҒЗИ-ға жүгінген себебіміз, институттың сейсмикаға төзімді құрылыс саласында мол тәжірибесі бар. Сондай-ақ, институт мамандары Өзбекстанда бірнеше рет вибродинамикалық сынақтар жүргізген", - деді BINOKOR темірбетон бұйымдары зауытының сату және маркетинг жөніндегі директоры Эркин Алимухамедов.
2018 жылдың қазан айында "ҚазҚСҒЗИ" АҚ сарапшыларынан тұратын топ В3 типті вибродинамикалық машинаның көмегімен конструкцияға әсері 9-баллдық жер сілкінісіне тең болатын тұрғын үйге сынақ жүргізеді.
Анықтама
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ – өте күрделі инженерлік-геологиялық шарттарымен аудандарды және сейсмикалық қауіпті өңірлерді қосқанда Қазақстанның құрылыс саласын дамыту саласындағы Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты.
Институт 1931 жылдың 7 қыркүйегінде құрылған. Қазақстанның құрылыс нарығында 85 жыл тәжірибесі бар.
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Жалғыз Акционері Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып табылады.

