
Кітапта өңірлерде және экономиканың түрлі секторларында жұмыс істейтін ірі қазақстандық компаниялар мен брендтер жөнінде, сондай-ақ, шағын және орта бизнес өкілдері туралы ақпараттар берілген.
«Қазақстан брендтері. Brands of Kazakhstan» кітабының екінші томы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің алғы сөзімен шықты. Онда министр Қазақстан мен шетел нарықтарында отандық брендтердің оң имиджін қалыптастыру мен оларды ілгерілетудің өзектілігін атап өткен.
Кітап тұсаукесерінде ҚР ИДМ Экспортты дамыту және ілгерілету департаментінің директоры Алимжан Тохтасунов өндірушілер мен дайын өнімді экспорттаушылар үшін мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтты.
«Соңғы жеті жылда екі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 40-тан астам дайын өнімдердің жаңа түрлері шетелдерге экспортталды. Бұл Үкімет пен бизнестің брендтерді насихаттауда бірлескен жұмыстың маңыздылығын түсінуінің нәтижесі», - деп атап өтті А.Тохтасунов.
Ол сондай-ақ, 100 нақты қадам Ұлттық жоспарын жүзеге асыру аясында төрт шатырлы брендтің әзірленгенін атап өтті. Олар тек отандық ауыл шаруашылығында өсірілген органикалық өнімдерді қамтитын «Qazaq Organic Food», «Halal», «KazMai» және ет өнімдерін өндірушілердің басын біріктіретін «KazMeat» брендтері.
Анықтама:
«Kazakhstan-export-import.com» ЖШС компаниясының шығармашылық ұжымы 2016 жылы Қазақстан тарихында тұңғыш рет «Madein Kazakhstan кітабын шығарған болатын. «Қазақстан брендтері. Brandsof Kazakhstan» кітабы Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. 2017 жылы «Қазақстан брендтері. Brandsof Kazakhstan» басылымының көптомдық жинағын шығару туралы шешім қабылданды. 2017 жылы бұл кітаптың «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арналған 1-томы шықты. Ал, 2018 жылы Астана қаласының 20 жылдығына арналған 2-томы жарық көрді.
Айта кету керек, кітаптың тұсаукесері ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өтті. Салтанатты рәсімнің соңында авторлар басылымның бірнеше данасын кітапханаға сыйға тартты.








