
Осы кездесу «Қазақ-Герман аграрлық саяси диалогы» жобасы бойынша бірлескен жұмыс жүргізу аясында Дитхард Рудерттің басшылығымен өтті.
Кездесу барысында жоба аясында бірлескен жұмыс қорытындысы мен Қазақстандағы органикалық өнім өндіруді сертификаттау саласындағы жоспарланған бірлескен іс-шаралар талқыланды.
Осы кездесуге «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ның өнімдер мен қызметтердің сәйкестігін растау Орталық органының өнімдер мен қызметтердің сәйкестігін растау бөлімінің бастығы – Гаухар Ахметова қатысты.
«Қазақ-Герман аграрлық саяси диалогы» жобасының көмегімен Қазақтанда органикалық өнім өндіруді сертификаттау жүйесін дамыту басталды, аграрлық-саяси диалог жобасының көмегі өте заманауи және жоғары кәсіби деңгейде.
Жобаға тартылған Германияның сарапшылары бірнеше мәрте семинарлар өткізді, қазақтандық стандарттарға сараптама жүргізді, Ұлттық аккредиттеу орталығы мен Сәйкестікті растау органдарының мамандарына арнап тағылымдама ұйымдастырды, органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау саласындағы өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті.
Бүгінгі күні органикалық ауыл шаруашылығы – қазіргі күні күш алып жатқан әлемдік трендтің бірі.
Қазақстанның ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы алаңы 177,8 млн.га, оның ішінде жайылымдық жер – 146,9 млн.га, шабындық жер мен кендер – 26,7 млн.га, шабындық жер - 4,2 млн.га-ны құрайды. Экологиялық таза аумақтың болуы органикалық ауыл шаруашылығын дамыту үшін қолайлы жағдай туғызады.
Қазақстанда органикалық өндірісті дамыту белсенді қалыптасу кезеңінде. Қазіргі кезде халықаралық стандарт бойынша 30-дай сертификатталған өндіруші бар, олар органикалық өнім өндіруге 300 мың га жерді игеруде. Қазіргі күні бұл өнім экспортқа бағытталған, бірақ Қазақстанда қажетті жағдай жасалған жағдайда жеке ішкі нарыққа да арнап өнім өндіруі мүмкін.
Бүгінгі күні органикалық тамақ өнімін өндіру «Органикалық өнім өндіру туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңыен және «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
Қазақтанда органикалық өнім өндіруді сертификаттау қазақстандық органикалық өнім өндіруді дамытуға, экологиялық балансты жақсартуға түрткі болатыны хақ, топырақты жақсартуға жағдай туғызады, органикалық отандық өнімді тұтынуды ұлғайтуға дем береді. Бұның бәрі халықтың денсаулығын жақсартуға ықпал етеді әрі органикалық өнімді шет елге экспорттауды ұлғайтады.