ҚР ИДМ-ДЕ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

ҚР ИДМ-ДЕ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Вице-министр азаматтардың өмір сапасын жақсартуда құрылыс саласының қосатын үлесінің айрықша екенін атап өтті. Тұрғын үйлердің, мектептердің, балабақшалардың, мәдениет және спорт нысандарының құрылысы да қатар жүріп жатыр. Сондай-ақ, жарамсыз ескі нысандар сырылып, қолдануға болатындары реконструкциялануда.

«Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасымен қатар Президенттің әлеуметтік бастамасы аясында биыл іске асырыла бастаған «7-20-25» ипотекалық бағдарламалары шектес салалардың дамуына үлкен мультипликативті  әсер береді.

«Бұл жерде өңдеу салалары мен құрылыс индустриясы туралы айтып отырмын. Олар құм және қиыршық тастарды өндіру, цемент, кірпіш және темірбетон өнімдерін, лак пен бояу өнімдерін, жиһаз өндірісін және басқа да салалардағы жұмыс көлемін қамтамасыз етеді»,- деді Бірінші вице-министр.

Сондай-ақ, Р.Скляр автожол саласының қызметкерлеріне алғыс білдірді.

«Жолшылардың жемісті еңбектерінің арқасында еліміздің республикалық тас жолдары мен облыстық және аудандық жолдары жақсарды. Жол шаруашылығы жұмысшыларына қолайсыз климаттық жағдайларда жұмыс істеуге тура келеді. Олар автокөлік жолдарын салады, жөндейді, аумағы үлкен еліміздің әр бұрышында қауіпсіздік пен үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда республикалық маңыздағы автомобиль жолдарының 86%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда», - деп атап өтті ол.    

Салтанатты жиында Бірінші вице-министр құрылыс және автожол салаларының құрметті қызметкерлері мен ардагерлерін марапаттады. «Құрметті құрылысшы» белгісімен «BI-Industrial» ЖШС-ң прорабы Ж.Апбозов, «Госэкспертиза» РМК бөлім бастығы Е.Рихтер, «Курылыс» ЖШС қалаушылар бригадирі И. Науметов,  «КазНИИСА» АҚ Бас директоры Б. Кульбаев марапатталды. «Құрметті сәулетші» белгісімен «Астанагорархитектура» ЖШС-ң кешенді сәулеттік-жоспарлау бөлімінің басшысы Б. Салимбаев және «Госэкспертиза» РМК өндірістік бөлім сарапшысы Е. Кузьмина, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» белгісімен  "Жайыктеплоэнерго" АҚ Бас директоры  М. Байменов, Астана қаласының қалалық қоршаған ортаны және сапаны бақылау басқармасының «Сарыарқа» ауданы бойынша инспекция бөлімінің бастығы А.Капышева марапатталды.

«Құрметті жолшы» белгісімен «Қазақавтожол» ЖШС Қарағанды облыстық филиалының Дэу-42 мастері М.Дураканов, «Қазахавтодор» ЖШС Қарағанды облыстық филиалының №77 автожолдарды жөндеу бөлімінің мастері М.Тураканов, «Казахавтодор» ЖШС директоры С.Жақыпов және Ақмола облыстық «Казахавтодор» филиалының диспетчері Б.Байдашева «Құрмет грамотасымен» марапатталды.