АСТАНА ҚАЛАСЫНДА СУБКОНТРАКТТАР БИРЖАСЫ - ІІ ФОРУМ ӨТЕДІ

АСТАНА ҚАЛАСЫНДА СУБКОНТРАКТТАР БИРЖАСЫ - ІІ ФОРУМ ӨТЕДІ

Биржа Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ ұйымдастырады.

Оған ірі тапсырыс беруші компаниялар, жер қойнауын пайдаланушы компаниялар, жүйе құрушы кәсіпорындар мен ұлттық компаниялар, сондай-ақ, ЕЭО мүше елдердің ірі компанияларының өкілдері қатысады.

Сонымен қатар, Биржа жұмысына Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ның, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның, «Ғылым қоры» АҚ-ның, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» АҚ-ның, Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдері қатысады.

Бұйымдар, жиынтықтауыш құралдар, тораптар, бөлшектер жасау және жеткізу мәселелері бойынша кооперациялық байланыс орнату мақсатында тапсырыс берушілер мен жеткізушілер арасында өзара тікелей келіссөздер жүргізу Биржаны өткізудің негізгі мақсаты.

Биржа бизнестің өзара іс-қимылы, жаңа серіктестер мен жаңа нарық іздеу, Қазақстан өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, B2B-байланысын және халықаралық кооперациялық жобаларды қалыптастыру үшін жаңа алаң болады.  

Отандық тауар өндірушілерді, жұмыс және қызмет көрсетушілерді осы іс-шараға белсене атсалысуға шақырамыз.

Қатысу үшін www.nadloc.kz сайтында тіркеуден өту қажет.

8 (7172) 797-696, ішкі 6001, 6111, 6108, 6107 телефондары бойынша қосымша ақпарат алуға болады.

Астана, Достық к. 16. 2018 жылғы 24 тамыз. «Talan Towers» ғимараты, The Ritz Carlton Astana (Ballroom) қонақ үйі.