КАСПИ ТЕҢІЗІНДЕ МУЛЬТИМОДАЛЬДЫ КӨЛІК ХАБЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

КАСПИ ТЕҢІЗІНДЕ МУЛЬТИМОДАЛЬДЫ КӨЛІК ХАБЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Құрық портын салу жөніндегі жоаның екінші кезеңінің аяқталғаны жайлы хабардар етті. Қуаты жылына 2 миллион тонна жүкті құрайтын автокөлік паром терминалы толығымен іске қосылды.

2016 жылдың желтоқсанында мұнда қуаты 4 миллион тонна болатын теміржол паром терминалы іске қосылған болатын. 2018 жылдың 7 айында осы терминал арқылы 1 миллион тоннадан астам жүк өңделді.

«Бүгінде бұл кешен халықаралық көлік дәліздері желісінің бір бөлігі болып табылады. Еліміздің алдында трансконтиненталды жүк ағындарын дамытудың зор перспективалары ашылуда» , -деп жазды министр өзінің фейсбук парақшасында.  

Телекөпір барысында Елбасымыздың пәрмен беруімен «Қорғас - Шығыс қақпасы» құрғақ портынан шығып, Құрық портымен Транскаспийлік дәліз арқылы Еуропаға бағыт алатын пойыз жолға шықты. Құрық портына бұл контейнерлік пойыз 3 күн ішінде жетеді.

Министрдің айтуынша, бұл логистикалық жүйе Қытай, Кавказ және Оңтүстік Еуропадағы клиенттерге тартымды болмақ. Осылайша, 2020 жылға дейін Қазақстан арқылы Еуразия нарығына 2 миллион контейнер мөлшерінде транзитті қамтамасыз ету жөніндегі Елбасы