АҚТАУДА КАСПИЙ ЖАҒАЛАУЫ ЕЛДЕРІ БАСШЫЛАРЫНЫҢ САММИТІ ӨТТІ

АҚТАУДА КАСПИЙ ЖАҒАЛАУЫ ЕЛДЕРІ БАСШЫЛАРЫНЫҢ САММИТІ ӨТТІ

Құжат Каспий өңірін халықаралық көлік-логистикалық хаб ретінде дамытуға және қатысушылар арасындағы сауда көлемін ұлғайтуға негіз қалайды. 2017 жылы Қазақстан мен Каспий жағалауы елдерінің арасындағы жүк айналымының жалпы көлемі 100 млн. тоннадан асты.

Келісім теңіз, автомобиль, теміржол, әуе және мультимодальды тасымалдарды одан әрі дамытуды көздейді.

Құжат тұрақты кеме тасымалын, оның ішінде круизді, зияткерлік көлік жүйелерін енгізуді, тартымды тарифтік жағдайларды дамытуды, алдын ала ақпараттық механизмдерді қолдануды,  мамандардың әлеуетін дамыту бойынша тәжірибе алмасу және басқа да шараларды қабылдауды көздейді.