
Бұл шараларға ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Токтабаев, мүдделі мемлекеттік органдар, даму институттары, сонымен бірге кәсіпорындар, жер қойнауын пайдаланушылар қатысты.
Кеңесті Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров ашты.
Алғашқы баяндаманы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Токтабаев жасады. Ол «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің негізгі жаңалықтары туралы атап өтті. Кеңес барысында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің негізгі жаңалықтары және өтпелі ережелері туралы» Инвестициялар және даму министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры Руслан Баймышев, «Мемлекеттік жер қойнауы қорларын басқарудың бағдарламасы туралы» Қарағанды қаласындағы ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Орталық қазжерқойнауы» Орталық Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаментінің басшысы Азамат Шалабаев, «Техногенді минералдық түзілімдер бойынша кейбір мәселелерді шешу» тақырыбында «HallerLomax» ЖШС-нің серіктес басқарушысы Тимур Одилов баяндама жасады.
Жер қойнауын пайдалану саласына министрлік жүйелі реформа жүргізеді. Қазақстан Республикасында алғашқы рет посткеңестік кеңістікте халықаралық көзқарасқа сәйкес келетін жер қойнауын пайдалану саласында реформалар жасалды. Қазіргі уақытта осы реформалардың нәтижесінде 2017 жылғы желтоқсанда «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы кодексі қабылданды.
Кодекс инвестиция ағыны есебінен минералды-шикізат базасының орнын толтыруға серпін береді, саланың инвестициялық тартымдылығын жақсартады, жаңа кен орындарын ашуға негіз болады және қосымша жұмыс орындары ашылады.
Еске сала кетейік, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі биыл 29-маусымда күшіне енді.



