2018 ЖЫЛЫ ҚҰРЫЛЫС СЕКТОРЫНА 600 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ҚҰЙЫЛДЫ

2018 ЖЫЛЫ ҚҰРЫЛЫС СЕКТОРЫНА 600 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ҚҰЙЫЛДЫ

«Тау-кен өнеркәсібінде түсті металдар кенін өндіру көлемі 3,1%-ға және темір кенін өндіру көлемі 7,4%-ға өсті. Өндеу өнеркәсібіндегі металлургия өнеркәсібінде 3,6% (қара металлургия 4,8%-ға, түсті 2,6%-ға); химия өнеркәсібінде 10,9%;  машина жасауда 16%; жиһаз өндіруде 5,2%; жеңіл өнеркәсіпте 2,3% өсім бар», - деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, Көлік кешенінде 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында нақты көлем индексі 104,9%-ды құрады (2018 жылдың жоспары – 104,8%).

«7 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан арқылы 250,8 мың. контейнер тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40%-ға өскен (2017 ж.6-айында – 148 мың. контейнер). Қытай-Еуропа-Қытай бағыты бойынша бұл көрсеткіш 143,9 мың контейнерге жетті. Яғни, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63%-ға өсіп отыр (2017 ж. 7-айында – 88,1  мың). Көлік қызметінің кірісі 17,5%-ға өсіп, 1,5 трлн. теңгені құрады (2017 жылғы қаңтар-шілдеде – 1,3 трлн. теңге)», - деді ведомство басшысы өз сөзінде.

Жыл басынан бері құрылыс саласына 608 млрд. теңге инвестиция құйылды. Ол өткен жылдағы деңгейден 129,7%-ға жоғары. Жалпы көлемі 6,8 млн. шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілді (2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 109% құрайды). Тұрғын үйлерді пайдалануға беру жылдық жоспарының 55,8%-ы орындалды (жоспар- 12,1 млн. ш.м). Жалпы республика бойынша 58 мың. баспана (57 901) пайдалануға берілді, оның ішінде 23 662  жеке үй бар.

Фото ашық ақпарат көзінен