ҚР ИДМ-ДЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ҚР ИДМ-ДЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жиынға жұмыс тобының мүшелері, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Заң жобасын әзірлеудің мақсаты - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама нормаларын жетілдіру, бизнеске әкімшілік қысымды азайту және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырудың тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ұлттық заңнаманы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес келтіру, сондай-ақ құқықтық олқылықтар мен қайшылықтарды жою болып табылады.

Сондай-ақ, заң жобасы Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы және азаматтық қорғау саласындағы заңнамаларымен біркелкі қолдануын қамтамасыз етуге бағытталған.