ҚАЗАҚСТАНДА ПОРТТАРДЫ ҚОРҒАУДЫ БАҒАЛАУ ҮШІН УӘКІЛЕТТІ ОРГАН БЕЛГІЛЕНДІ

ҚАЗАҚСТАНДА ПОРТТАРДЫ ҚОРҒАУДЫ БАҒАЛАУ ҮШІН УӘКІЛЕТТІ ОРГАН БЕЛГІЛЕНДІ

Бүгінгі күні Қазақстанда 3 теңіз порты жұмыс істейді. Олар – Ақтау, Баутино және Құрық порттары. Осы стратегиялық объектілер инфрақұрылымдарын қорғау мақсатымен Комитетпен 2017 жылы кемелерді және порттық құралдарды қорғау жөніндегі Халықаралық теңіз мекемесінің талаптарын имплементациялау бойынша жұмыстар іске асырылды.

Осыған сәйкес халықаралық рейстерді жасайтын ауыр жүк (500-ден астам регистрлік тонна)  және жолаушылар кемелеріне қызмет көрсететін порт құралдарын қорғауды бағалауда негізделген жоспар болу қажет. Осы жұмысты уәкілетті мекеме атқаратын болады.

Порт құралдары қатарына кемелерге қызмет көрсететін және халықаралық рейстерді жасайтын теңіз терминалдары, сонымен қатар теңіз портының акваториясы, соның ішінде тұрақтар, күту орындары, теңіз портына кірістер жатады.

Фото ашық ақпарат көзінен