
Жер туралы ғылымдардың Халықаралық Олимпиадасы (IESO – International Earth Science Olympiad) – геология, метеорология, геофизика, мұхиттану және астрономия пәндерінен орта мектеп оқушылары арасында өткізілетін жыл сайынғы жарыс.
Олимпиадада жас геологтар әлемнің 40 елінен қатысты. Барлық жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстанның жас геологтары 6 медаль жеңіп алды. Қазақстанға 2 алтын медаль Камила Кажен (11 сын., ФМБ НЗМ, Астана қ.) алып келді, Ақназар Қажымұрат (11 сын., ФМБ НЗМ, Алматы қ.) күміс жеңіп алды, 2 қола Умурзак Асылбек (10 сын. НЗМ, Астана қ.), және тағы бір қола Айтуганов Ислам, (11 сын. НЗМ IB, Астана қ.).
ҚР жас геологтар командасының Тайланд қаласындағы IESO 2018 сапарының бас демеушісі болып Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры шықты.

